Қала маңындағы пойыздардың жолаушыларына арналған ақпарат

2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында жолсеріктің мобильдік терминалы (бұдан әрі-МТП) арқылы жолаушының мобильді құрылғысынан электрондық жеке куәліктің (бұдан әрі - Е-куәлік) QR - кодын оқу арқылы жолаушыларды вагонға отырғызудың баламалы мүмкіндігі пайда болды.

Деректерді верификациялау кезінде жолаушының сәйкестендірілуі және оның жол жүру деректемелері расталады. Бұл мүмкіндік отырғызылудың баламалы нұсқасы болып табылады және жолаушыға жеке куәлігін ұсынбауға мүмкіндік береді. Оны пайдалану үшін жолаушының мобильді құрылғысы және отырғызу кезінде ұялы байланысындағы интернет желісі қосылып тұруы қажет.

Компания бұл функцияны қала маңындағы пойыздарда пайдалану үшін МТП жетілдіру жұмыстарын жүргізуде және 2021 жылдың маусым айының басында МТП жаңартылған нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Е-куәлікті пайдаланған кезде жолаушылар мыналарды білуі керек:

  •  Е-куәлік Қазақстан Республикасының аумағында ғана қолданылады. Мемлекетаралық және шекара маңындағы маршруттарға отырған кезде Е-куәлік қолданылмайтын болады.
  •  Е-куәліктің жарамдылық мерзімі қағаз куәлігімен бірдей. Егер қағаз куәлігінің мерзімі аяқталса, онда сандық мерзімі де аяқталады. Сондықтан вагонға отырғызу кезінде түсінбеушілік жағдайды тудырмас үшін құжаттарыңыздың жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріп алу қажет.
  •  Е-куәлікте бірегей QR-код жасалады, оны сканерлеп, оның түпнұсқалығын тексеруге болады. Жеке деректерді қорғау мақсатында QR-кодқа үшінші тұлғаларға қолдану уақыты шектелген.
  •  Е-куәлік Қазақстан Республикасы азаматының толық бірегей жеке куәлігін алмастырмайды. Сондықтан жол жүру кезінде жолаушының өзімен бірге құжаттың түпнұсқасы болғаны жөн.
  •  Жол жүру құжаттары (билеттері) билет кассалары арқылы қайтарылған жағдайда, жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсету талап етіледі.
  •   Егер сіздің телефоныңыз сөніп қалса, интернет-трафик аяқталса немесе ұялы телефоныңызда желіге қосылу мүмкіншілігі болмаған жағдайда, Е-куәлік қол жетімсіз болады.

Ұлттық тасымалдаушы алдағы мереке күндері қарсаңында сұранысқа ие бағыттар бойынша билеттер болмаған жағдайда, жолаушылар WWW.BILET.RAILWAYS.KZ сайтындағы «Күту парағы» электрондық қызметін пайдалануға немесе билет кассаларына жүгінуге болатындығын еске салады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі