Комиссиялық алым

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі No 306 бұйрығына сәйкес:

2025 жылдың 6 қазанынан бастап жолаушылар пойыздары жөнелтілген және сатылған күннен бастап жол жүру ақысына комиссиялық алым қосылады:

  1. жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастырғаны үшін – 0,06 АЕК;
  2. жол жүру құжаттарын қайтару операциясы үшін - 0,1 АЕК;

3жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайта ресімдегені үшін, жолаушылардың ұйымдасқан топтары үшін орындарды брондағаны үшін, бүлінген және жоғалған жол жүру құжаттарын қалпына келтіргені үшін, жолаушылардың ұйымдасқан топтары үшін - 0,2 АЕК;

4. ұйымдасқан балалар топтары үшін - 0,1 АЕК.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру және жол жүру құжаттарын қайтару үшін алым құны қызмет көрсету ақысын (төсек жабдығын) есептемегенде және қайтару кезіндегі шегерімдерге дейін 0,35 АЕК-тен төмен (2025 жылға – 1 376 теңге, 2026 жылға – 1,514 теңге) жол жүру құжаттарынан (билеттерден) алынбайды.