Орталық Қазақстандағы 190 жылдық мерейтойын атап өткен бұл қаланың (Қарағанды облысы) туризм саласында келешегі зор. Сарыарқаның сайын даласындағы орман-тоғайлы бұл мекен өзіміздің қазақстандықтарды ғана емес, шетелдіктерді де сұлулығымен һәм шежірелі тарихымен өзіне тартады.
Қарқаралының маңына мемлекеттің айрықша қорғауына алынған ұлттық табиғи парк құрылған. Қарқаралы паркінің басты ерекшелігі - бағзы заманнан бері өсіп келе жатқан, Мұз дәуірінен бергі өсімдіктерде. Құс пен өсімідіктің ондаған түрі сиреп кеткендер қатарына кіреді және Қызыл кітапқа енгізілген. Туристердің аяғымен сан тарау болған соқпақ жолдар әртүрлі аңызға толы Шайтан көл, Тас үйлер, алғашқы адамдардың үңгірлеріне алып барады.
Бұл өңірдің шежіресі де сан қилы. Мұнда қазақтың тұңғыш ұшқыш-ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туған (1995 жылы оған "Халық қаһарманы" атағы берілді). Қазақтың ақыны Абайдың әкесі Құнанбай қажы салғызған ескі ағаш мешіт қалада әлі тұр. Қариялар басқа да әйгілі жерлестерін айтып отырады - ақ генерал Лавр Корнилов және Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант Дмитрий Карбышев.
Мәди әндететін "Атыңнан айналайын, Қарақаралыда" жиырма шақты демалыс орындары мен балалардың жазғы лагері жұмыс істеп тұр. Қонақжай азаматтар жылдың қай мезгілінде болсын, есіктерін айқара ашып, әртүрлі бағдарламаларын ұсынып, барын салып күтіп алады.