Айша бибі кесенесі Жамбыл облысының әкімшілік орталығы – Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан. Көне құрылыс нысанына жыл сайын елімізден барып тәу етушілермен қатар мыңдаған шетелдік саяхатшылар келіп тұрады. Мамандардың айтуынша, мұндай бірегей сәулетті ескерткішке әлемде ұқсасы жоқ.
Аңызға сүйенсек, Айша ару мен ержүрек батыр, Тараз билеушісі Қарахан екеуі бір-бірін ұнатып қалады. Қарахан қыздың әкесінен бата сұрағанымен қыз әкесі келісімін бермейді. Сонда қыз тыйымға қарамастан сүйгеніне жету үшін қашып шығады. Бірақ екі жас қосыла алмады. Жол үстінде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады. Қайғы жұтқан Қарахан сүйген жарының арнап, басына әсем күмбез орнатады.
Қасында Баба әже қатынның тағы бір кесенесі тұр. Ауыз әдебиеті бойынша, Баба әже Айша бибінің сенімді құрбысы болған. Кейін өле өлгенше Айша бибі кесенесінде шырақшы болыпты. Ал жауынгер Қараханға Тараздың өзінде салынған күмбездің тарихы 2000 жылдан асады.
Көне Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері 12-13 ғғ. сыр шертеді. Бізге жеткендері алып ғимараттардың жермен жексен болғандары ғана. Осы ғасырдың басында еліміздегі кесенелерді қалпына келтіруге шешім қабылданды. Ол жұмыстар 2001 - 2004 жылдар аралағында жүргізілді. Шеберлер әртүрлі ою-өрнектері бар 70-жуық қыш кірпіштерді құйды. Ол кірпіштерді арнайы пештерде күйдірді. Жөндеу жұмыстары барысында мамандар іргетасын мықтап бекітіп, қабырғасын қайта қалап, сыртын күйдірген сары балшықтан жасалған жұқа да жалпақ әрі берік кірпіштермен қаптады.