Көлсай

Табиғатты сүйетін адамдар Көлсай шатқалындағы үш көлде демалуына болады. Оларды солтүстік Тянь-Шаньның "көк алқасы" деп бекер астпаса керек. Олардың тұрған жерлері де әртүрлі биіктікте. Теңіз деңгейінен 1000, 2500 және 2850 метр жоғарыда жатыр. Олардың ішіндегі ең үлкені - Мың жылқы, ал ең суығы - ең биігіндегісі.

Табиғи шарбақпен, яки тянь-шаньдық шыршалармен қоршалға суда бахтах (қызыл балық) көп. Көлдің кейбір тұсының тереңдігі 80 метрге дейін жетеді. Сайдағы көлдердің әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.

Ғасырлар бойы өсіп келе жатқан қылқан жапырақты орман, шоқ қайыңдар, көк майсасы мен асқақ шыңдары кез келген саяхатшыны таңдай қақтырмай қоймайды. Бір күнде әр көлдің қызығына бату үшін атпен қыдыру керек дейді тәжірибелі саяхатшылар. Келген қонақтарға арналған шағын үйлер мен көлдің айналасына тігілген киіз үйлер мен шатыр және кемпингтерді шертіп отырып таңдауға болады.

"Көлсай үштігінен" сәл арырақ 11 шақырым шығысқа қарай жүрсеңіз, Күнгей Алатау деп аталып кеткен жерге барасыз. Ондағы Қайыңды көлі де керемет табиғатымен мен мұндалайды. Осыдан жүзден астам жыл бұрын жер қозғалғанда қопарылған таудың нәтижесінде пайда болған. Мұндағы түп-түзу шыршалар су түбінен көкке ұмтыла өскен. Бір қызығы Қайыңдыда балық жоқ. Сондықтан да оны кейде "өлі көл" деп те атайды.