Байқоңыр

Әлемдегі алғашқы ғарыш айлағы Қазақстан жерінде Қызылорда облысында XX жүз жылдықтың 50 жылдардың екінші жартысында салынды. Осы жерден алғашқы жасанды Жер серігі 1957 жылдың қазан айында ұшырылды. Тағы да осы жерден - Байқоңырдан ғарышқа бірінші адам аттанды. 1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Гагарин алғаш ұшқалы бері адамзат баласы ғарышты игере бастады.

 

ЖД билеты до Байконура Казахстан

Ғарыш айлағынан бөлек Төретам стансасына жақын маңға сондай атаумен қала салынды. Онда тұратын мамандар айлаққа қызмет етеді. Қалада ҚР және РФ азаматтары тұрады. Өйткені, ғарыш айлағын Ресей Қазақстаннан 2050 жылға дейін жалға алған.

Байқоңыр кешенін ашық аспан астындағы мұражай десек, артық айтқандық емес. Гагарин атындағы ұшар айлақта аты аңызға айналған конструктор, академик Сергей Королев және ұшқыш-ғарышкер Юрий Гагарин тұрған үй сақталған. Келген қонақтарға Кеңестік космонавтиканың тарихынан қаладағы бірнеше мұражай мен ғарыш айлағының өзі сыр шертеді.

ЖД билеты до Байконура Казахстан

Байқоңыр қазір ұшырылған зымырандар санымен озық тұрған әлемдегі ірі ғарыш айлағы. Оның инфрақұрылымында 9 ұшыру кешені бар. Ішінде 15 тасығыш зымыран ұшырушы алаңқай, 4 құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырушы қондырғы, тасығыш зымыран, ғаршытық аппараттар және т.б. 34 техникалық кешен орналасқан 11 монтажды-сынақ корпус тұр.