Алакөл

Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының шектескен жерінде орналасқан ащылы-тұщылы ағынсыз көлді жайдан-жай «ала» атамаған. Күні бойына Алакөлдің суы түсін ашық көгілдірден ең қанық көкшіл түске шейін өзгертеді. Шомылатын уақыт маусымның ортасынан қыркүйектің басына дейін созылады. Ең ыстық күнде судың температурасы 24°С дейін көтеріледі.

Көлдің ауданы шамамен 2700 шаршы шақырым, ал орташа тереңдігі 22 м (ең терең жері 54 м). Алакөлдің Жоңғар Алатауы қоршауындағы бөлігінің жағасы құм орнына құрамында мол кремнийі бар қара малта тастармен көмкерілген Қазақстандағы жалғыз су қоймасы.

Озеро Алаколь

Ғалымдар малта тастар жанартау туындылары деп есептейді. Яғни, мыңдаған жылдар бұрын бұл өңірлерде жанартаулар атқылап, жердің терең қойнауындағы пайдалы заттарды жер бетіне шығарған деуге негіз бар. Мамандар да Менделеев кестесіндегі дерлік барлық химиялық элементтер осы көлден табылатынын мақұлдайды.

Озеро Алаколь

Су қоймасының айналасында минералданған күкіртті сутекті балшық көздері көптеп табылады. Олардың емдік қасиеттері тыныс алу органдарының, тері, тірек-қозғалыс бөліктерінің, асқорыту, жүйке жүйелері ауруларының сан-алуан түріне шипа. Алакөлдің жанында (ШҚО жағында) бальнеологиялық «Барлық-Арасан» шипажайы орналасқан. Шипажайға денсаулығын қайта қалпына келтіру үшін ғарышкерлер емделетінімен атақты. Келушілерге игі әсерін беретін күкіртті сутек көздерінің температурасы 43°С.