Қазақстандық Бурабай шипажайының (Ақмола облысы) салынғанына 100 жылдан астам уақыт болды. Сонау 1910 жылдардың өзінде жергілікті халық көл суларының, балшықтарының емдік қасиеттерін байқап, қайың-қарағайлы тоғайлардан түзілген ерекше микроклиматтың денсаулыққа пайдасын түсінген. Біртіндеп ауыл маңдарында сауықтыру саяжайлары, тыныс алу жолдарының барлық ауруларын емдейтін балшықты емханалар салына бастады.
Бүгінде Қазақстанның маржаны – Шортанды-Бурабай шипажайына жылына он мыңдаған алыс-жақын шетелдік және Қазақстандық туристер келеді. Келушілерге емдік балшықтар, массаж, қымыз, пантоемдер (Көкшетауда өсіріліп жатқан Алтай маралдарының мүйізінен және қанынан алынған белсенді биологиялық заттарды пайдаланатын бұлау қабылдау) арқылы қызмет көрсетіледі.
Сегодня жемчужину Казахстана – Щучинско-Боровскую курортную зону – ежегодно посещают десятки тысяч туристов не только из Казахстана, но и из стран ближнего и дальнего зарубежья.
Білімқұмар адамдар Жұмбақтас пен Оқжетпес туралы көптеген аңыздарды тыңдап, табиғаттың тамаша туындысы – Абылайханның гранит тағын (Бурабай көлінен алыс емес) көріп қайтуына болады. Сонымен қатар, 18 ғасырда осы өңірде өмір сүрген Ұлы да дана билеушіге арналған өлкелік музейді де аралауға болады.
Бұл өлке тағы Бурабай, Шортанды, Зеренді, Үлкен және Кіші Шабаш көлдерінің маңында өсетін, жеуге жарамды саңырауқұлақтардың жүздей түрімен де әйгілі. Туристер бұл жерлерден үйлеріне хош иісті бал, жергілікті жемістерден – шырғанақ, шетен, мүкжидек, қаражидек алып кетеді.
Мемлекет туристерді тарту үшін Шортанды-Бурабай шипажайының инфрақұрылымын дамыту үшін аз инвестиция салып жатқан жоқ. Осы мақсатта 2002 жылы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы құрылған. 2020 жылы бұл қорықты жыл бойы жұмыс істейтін орныға айналдыру жоспарлануда. Алдағы жылдары жылына келетін туристердің саны 1 млн адамға жетеді деген болжам бар.