Орал

Батыс Қазақстан облысның орталығы – Орал – 400 жыл бұрын – 1613 жылы Орал өзенінің жағасына салынды. Еліміздегі көне қалалардың бірі Еуропа мен Азияның шекарасы өтетін жерде орналасқан.

Оралдың бұрынғы атауы – Жайық. Сондықтан да сонда қоныстанған казактарды Жайықтық (Яицк) деп атаған. Дәл осы казактардың қалашығында өзін Ресей патшасы Петр ІІІ деп жариялаған Емельян Пугачевтің азат ету қозғалысы 1773-75 жылдары аралығында болды. Шаруалар көтерілісіне патшалық державаға қарсы шыққан жергілікті қазақтар да қатысты.

Емельян Пугачевке арналған мұражай-үйде 18-ғасырдағы казактардың тұрмыс тіршілігінен хабар беретін дүние-бұйымдар сақталған. Бұл құрылыс Пугачевтің қайын жұртынікі болса керек. БҚО тарихи өлкетану мұражайына қарасты ол үйде Пугачевтің әйелі Устиньнің сәнді киімдері мен өзінің тағы және қару-жарақтары сақталған. Тіпті оны Мәскеуге өлім жазасына салып алып кеткен темір тор да бар.

Ресей патшайымы Екатерина II казактар көтерілісін мемлекет тарихынан түп тамырымен жоюды мақсат еткені белгілі. Сондықтан да Жайықтың атын Оралға өзгерткен. Дегенмен Батыс Қазақстанның тарихтағы бұл беті өшкен жоқ. Орал қаласы сол кездегі казактардың қолымен салынған басқа да ескі ғимараттарымен танымал.