Жолаушылар пойыздарындағы жолаушыларға арналған сервис сапасын жақсарту мақсатында 2019 жылғы маусымда жолаушылар пойыздарын жұмсақ алмалы-салмалы мүлікпен (ЖАСМ) жабдықтаудың жаңа стандарты енгізілді. ЖАСМ жаңа стандартының енгізілуіне байланысты жолаушыларға берілетін төсек-орын жабдығы жиынтығы үшін төленетін сервистік алымдар мөлшері 350 теңгеден 650 теңгеге дейін ұлғайтылды және 2019 жылғы 1 қарашадан бастап ЖАСМ-мен жабдықтау қызметі жаңа стандарт бойынша көрсетіле бастады.
ЖАСМ-ның кейбір бұйымдарының уақытылы жеткізілмеуіне байланысты Қоғам осы күнге дейін ұлттық тасымалдаушының 2019 жылдың 1 мен 25 қарашасы аралығында жөнелтілген пойыздарына ресімделген билеттер бойынша ЖАСМ-ге төленген сервистік алымдар арасындағы айырмашылық сомасын қайтару жұмыстарын жүргізуде.
Осы кезең аралығында ұлттық тасымалдаушы қызметін жаңа стандартсыз пайдаланған жолаушылар 300 теңге мөлшерінде төленген сервистік алымды қайтарып алуға құқылы.