Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жас әрі бас қаласы

1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" деген дәрежеге ие болды. Ал 2000 жылдан бастап Есілдің сол жағасында қазақстандық әкімшілік іскерлік орталықтың құрылысы қарқынды салына бастады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Астана - жаңа қала" Арнайы экономикалық аймағы іске қосылды.

Сол жағада салынған жаңа Астана Қазақстанның қайта түлеуінің нышанына айналды. Өткен жылдардың ішінде көптеген бірегей нысандар салынды: Қазақстан Президентінің резиденциясы "Ақорда", биіктігі 105 метрлік "Бәйтерек" монументі (авторы - А. Рүстембеков), Бейбітшілік және келісім сарайы (ағылшын сәулетшісі Н. Фостердің жобасы), Министрлер Үйі, "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық кешені, көптеген тұрғын үй кешендері , әкімшілік, мәдени-әлеуметтік, өндірістік нысандар.

ЖД билеты до Астаны Казахстан

Он шақты жылдың ішінде сол жағалауда жаңа жоғары оқу орындары пайда болды. Атап айтсақ, Назарбаев Университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті. Денсаулық сақтау саласындағы 6 инновациялық нысанды біріктірген Ұлттық медициналық холдинг салынды. 2011 жылы VII қысқы Азия ойындары кезінде жаңа спорттық нысандар - "Сарыарқа" велотрегі, "Алау" мұз сарайы, "Астана Арена" стадионы іске қосылды. Ал 2013 жылы "Астан опера" ұлттық опера және балет театры есігін айқара ашты. Қазіргі уақытта замандық жер серіктерін құрастыратын Ғарыш орталығының құрылысы басталып кеткен.

ЖД билеты до Астаны Казахстан

Бүгінгі таңда "Астана - жаңа қала" Арнайы экономикалық аймағының аумағы 7 мың гектардан асып кетті. Қазақстандық және шетелдік үздік сәулетшілердің қатысуымен салынған һәм салынып жатқан жүздеген нысандар тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналды.

 

ЖД билеты до Астаны Казахстан