Жолаушылардың вокзалдың орын-жайларына кіруіне рұқсат болмаған жағдайда («Ashyq» қосымшасы), жолаушының пайдаланылмаған жол жүру құжатын (билет) қайтару үшін билет кассасына келуіне мүмкіндігі болмайды.
Осыған байланысты жолаушылар пайдаланылмаған жол жүру құжатын (билет) қайтару үшін:
1. «bilet.railways.kz» сайтында көрсетілген телефон нөміріне (+7 707 270 36 64) «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы орындарды тапсыру үшін:
- жол жүру құжатының (билеттің) фотосуретін/скриншотын,
- «Ashyq» қосымшасынан алынған статустың фотосуретін/скриншотын,
- жеке басын растайтын құжаттың фотосуретін (паспорт/
куәлік/туу туралы куәлік және т.б.) жіберуі қажет.
2. 6 ай ішінде (пойыз жөнелтілген күннен бастап) «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының кез келген билет кассасына жолаушының жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасымен барып, (1-тармақ орындалған жағдайда) пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын қайтару үшін өтініш жазуы тиіс.
Бұл ретте, пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билет) сомасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды, багажды, жүк-багаж бен пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау ережесіне сәйкес қайтарылады.