ЖД билеты без комиссии в Казахстане

Дисконттық карталар

«Қазақстан темiр жолы» ҰҚ» АҚ дисконттық карталары жолаушылардың бөлек категорялары үшін ақшалай қаражаттарын үнемдеуге уақытпен тексерілген және өте тиімді құрал болып табылады. Дисконттық бағдарлама 2014 жылы 16 желтоқсаннан «Тулпар-Тальго» пойызына келесі бағыттарда қолданылады:

№1/2 «Астана-Алматы», №701/702 «Алматы-Петропавл», №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы- Ақтөбе», №69/70 «Алматы-Өскемен», №35/36 «Алматы-Шымкент», №67/68 «Астана-Өскемен», сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған пойыз №89/90 «Астана-Кызылорда».

Бұл карталар жолаушылардың үш тобына арналған:

«Жастар» - 16 және 25 жас аралығындағы жастарға арналған, жеңілдік мөлшері -10#%, бағасы 999 теңге;
«Құрмет» - 60 жас және одан да үлкен қарттарға арналған, жеңілдік мөлшері -10#%, бағасы 999 теңге;
«Саяхатшы» - тұрақты клиенттерге,  «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүрдек пойыздарында  соңғы 12 айда сапар шеккен (жолаушылар) үшін, ортақ сомасы:
100 000-нан 150 000-ға дейін теңге, жеңілдік мөлшері - 10#%;
150 001-нан 200 000-ға дейін теңге, жеңілдік мөлшері - 15#%;
200 001-нан жоғары теңге, жеңілдік мөлшері - 20#%.

Ерте сатып алынған билеттерде жоғарыда көрсетілген жүйеде жеңілдік 35#%-ға дейін, жолаушы дисконтты картаның қолда барында ортақ 52#%-ға дейін жеңілдік ала алады. Дисконтты карталарды алу үшін Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Өскемен, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды қалаларында темір жол вогзалдарындағы кассаларына бару керек. Толық ақпаратты www.temirzholy.kz сайтынан, сонымен қатар +7 717-2-600-233 (249) телефоны арқылы біле аласыз.