«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жолаушылар пойыздарын жабдықтаудың жаңа стандартын енгізді, осыған байланысты сервистік алым мөлшері 2019 жылғы 1 қарашадан бастап 350-ден 650 теңгеге дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар, жабдықтау қызметін көрсетушілер тарапынан шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалмауына байланысты жаңа стандарт бойынша жабдықтау қызметі тек 2019 жылғы 25 қарашадан бастап толық көлемде қамтамасыз етілді.
Осыған байланысты, жаңа стандарт бойынша қызмет көрсетілмеген «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған пойыздарға 2019 жылғы 1-25 қараша аралығында жол жүру құжаттарын (билет) сатып алған жолаушыларға сервистік алым құнының 300 теңге мөлшеріндегі айырмасы қайтарылатын болады.
Сервистік алым құнының айырмасын қайтаруға өтінішті Kensepp@railways.kz электронды поштасына жіберу қажет.