«Қазақстан темiр жолы» ҰҚ» АҚ дисконттық карталары жолаушылардың бөлек категорялары үшін ақшалай қаражаттарын үнемдеуге уақытпен тексерілген және өте тиімді құрал болып табылады. Дисконттық бағдарлама 2014 жылы 16 желтоқсаннан «Тулпар-Тальго» пойызына келесі бағыттарда қолданылады:
№1/2 «Астана-Алматы», №701/702 «Алматы-Петропавл», №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы- Ақтөбе», №69/70 «Алматы-Өскемен», №35/36 «Алматы-Шымкент», №67/68 «Астана-Өскемен», сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған пойыз №89/90 «Астана-Кызылорда».
Бұл карталар жолаушылардың үш тобына арналған:
«Жастар» - 16 және 25 жас аралығындағы жастарға арналған, жеңілдік мөлшері -10#%, бағасы 999 теңге;
«Құрмет» - 60 жас және одан да үлкен қарттарға арналған, жеңілдік мөлшері -10#%, бағасы 999 теңге;
«Саяхатшы» - тұрақты клиенттерге, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүрдек пойыздарында соңғы 12 айда сапар шеккен (жолаушылар) үшін, ортақ сомасы:
100 000-нан 150 000-ға дейін теңге, жеңілдік мөлшері - 10#%;
150 001-нан 200 000-ға дейін теңге, жеңілдік мөлшері - 15#%;
200 001-нан жоғары теңге, жеңілдік мөлшері - 20#%.
Ерте сатып алынған билеттерде жоғарыда көрсетілген жүйеде жеңілдік 35#%-ға дейін, жолаушы дисконтты картаның қолда барында ортақ 52#%-ға дейін жеңілдік ала алады. Дисконтты карталарды алу үшін Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Өскемен, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды қалаларында темір жол вогзалдарындағы кассаларына бару керек. Толық ақпаратты www.temirzholy.kz сайтынан, сонымен қатар +7 717-2-600-233 (249) телефоны арқылы біле аласыз.