Құрметті жолаушылар!

Техникалық себептерге байланысты Өзбек темір жолдары құрастырған, 2024 жылдың 6, 22 қаңтарында Ташкент станциясынан жөнелтіліп, 2024 жылдың 9, 25 қаңтарында Новосибирск станциясына келіп/жөнелтілетін «Ташкент-Новосибирск» қатынасындағы №369/370 халықаралық пойыздың қатынасы тоқтатылады.

Қатынасы тоқтаған жолаушылар пойызына алынған жол жүру құжаттары (билеттер) ақшасы шегерусіз қайтарылады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық анықтама ақпаратты «1433» телефоны арқылы алуға болады.