Кәмелетке толмаған жолаушылар үшін жол жүру қалай рәсімделеді?

Кәмелетке толмаған жолаушылар жол жүру

Тиісті құжаттары болған кезде ата-анасы, бала асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиешісі немесе Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды және оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адам болып табылатын жолаушы:

      1) өзімен бірге 7 жастан аспаған бір баланы, егер ол жеке орын алмаса, тегін алып жүреді. Жеке орын алу үшін 7 жастан аспаған балаға жеңілдетілген жол жүру құжатын (билетін) сатып алу қажет. Жолаушымен 7 жастан аспаған бір баладан артық жол жүру кезінде бір баладан басқа барлық қалған балаларға жеңілдікті жол жүру құжаттары (Билеттер) сатып алынады);

      2) өзімен бірге 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды жеңілдікті жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша алып жүреді.

      7 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүргені үшін ақы ересек жолаушы үшін белгіленген жол жүру құнының 50% мөлшерінде өндіріп алынады.

      15 жастан асқан балалар үшін ересектер сияқты жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынады. Баланың жасы сапар басталған күні анықталады.

      Билет кассасына және пойызға отырғызу кезінде баланың жасын растайтын құжат ұсынылады.

Баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы билет кассасына және поездға отырғызу кезінде баланы алып жүру құқығына арналған құжатты (сенімхатты) ұсынады.

15 жастан асқан балалардың еріп жүруінсіз жол жүруіне жол беріледі.

Алдыңғы бетке оралу