Құрметті жолаушылар! 2019 жылдың 20 маусымынан бастап жаңа үлгідегі фискалды билет-кассалары кешенімен жабдықталған барлық билет кассаларында «Күту парақшасы» (электронды кезек) деген функция іске қосылды.
* Осы күту парақшасы жүйеде билет болмаған жағдайда кассирге жолаушы үшін өтінім ресімдеуге мүмкіндік береді.
* Орын пайда болған жағдайда, жолаушы өтінім ресімдеген кезде көрсетілген электронды поштасы арқылы ол туралы хабарлама алады. Орынды сатып алуға берілетін уақыт: орын резервке қойылған сәттен бастап 2 сағат.
Осы орайда айтарымыз, өтінімде көрсетілген барлық мәліметтерді ешкім өзгерте алмайды, яғни орынды өтінімде аты-жөні көрсетілген жолаушы ғана сатып ала алады.
Осылайша, жолаушыны ауыстыру мүмкіндігі жойылды.
Қазіргі таңда «Күту парақшасы» функционалы үшін комиссия алынбайды.
2019 жылдың 1 тамызынан бастап бұл функционалға «www.bilet. railways.kz» сайтынан қол жеткізуге болады, яғни жолаушылар билет кассасына бармай-ақ, өздері сайт арқылы күту парақшасына өтінім беріп, орындар пайда болған жағдайда, орындарды сол сайт арқылы сатып ала алатын болады.
ЖОЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА! Мемлекетаралық қатынастағы пойыздарға (оның ішінде басқа темір жол мекемелерінің транзит пойыздарына) сатылатын электронды жол жүру құжатын (билет) пойыздың жөнелтілуіне 1 сағаттан аз уақыт қалғанда ресімдеген жағдайда, электронды жол жүру құжаты «Электронды тіркеуден өтпеген» деп көрсетіледі.
Электронды билеттегі мұндай белгі сол билетті билет кассасына барып, бекітілген үлгідегі бланкіге, яғни кәдімгі билет бланкісіне айырбастап алу қажеттігін меңзейді.