2020 жылғы 31 қазан Нұр-сұлтан қ.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «COVID-19» коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның туындауы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің хатына сәйкес келесі жолаушылар пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады:
1) 02.11.2020. сағат 00:00-ден бастап № 31/32 «Павлодар-Алматы-2» бағытындағы жолаушылар пойызы Дегелен, Семей, Жаңа-Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз, Ақтоғай стансаларынан жолаушыларды отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынды және тиісінше осы маршруттың көрсетілген стансаларына жол жүру құжаттарын сатуға тыйым салынды;
2) 02.11.2020ж. бастап № 351/352 «Алматы-2 - Өскемен-1» бағытындағы жолаушылар пойызының жүру мерзімділігі уақытша күн ара (күнделіктінің орнына) қатынайтын болады. Аталмыш пойыз Алматыдан жұп сандар бойынша жөнелтілсе, Өскеменге тақ сандар бойынша келеді, сәйкесінше Өскеменнен жұп сандар бойынша жөнелтілсе, Алматыға тақ сандар бойынша келеді;
3) № 68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Өскемен-1» бағытындағы жолаушылар пойызының жүру жиілігі аптасына бір рет (күнделіктінің орнына) уақытша қысқартылады. Пойыз Нұр-Сұлтан қаласынан 02, 10, 16, 24, 30 қараша және 08 желтоқсан күндері жөнелтілсе, Өскеменге келуі/жөнелтілуі 03, 11,17, 25 қараша және 01, 09 желтоқсан күндері келсе/жөнелтілсе, Нұр-Сұлтан қаласына 04,12,18,26 қараша және 02, 10 желтоқсан күндері келеді.
Шығыс Қазақстан облысының барлық стансаларынан түсетін жолаушыларда тапсырылғанына 3 күннен аспаған COVID-19 инфекциясын жұқтырмағандығын растайтын ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама міндетті түрде болуы тиіс. Егер Covid-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама болмаған жағдайда жолаушылар вагонға жіберілмейді.
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) тоқтатылған пойыздар мен тұрақтарға ресімдеген, сондай-ақ вагонға жіберілмеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражаттарын ұстап қалусыз толық көлемде қайтарып ала алады.
Билеттерді қайтару Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларында көзделген мерзімдерде, билетте көрсетілген пойыз стансадан жөнелтілген кезден бастап 1 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне қарай қолма-қол ақшамен және есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы білуге болады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирустың таралуы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі