Жолаушылар пойыздарының қозғалысын қалпына келтіру

Жолаушылар пойыздары кезең-кезеңімен 2020 жылдың 1 маусымынан бастап іске қосылады.

Бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады, оның ішінде:
✔️Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда;
✔️Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Орал, Петропавл;
✔️Қызылорда – Семей;
✔️Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;
✔️ Қарағанды – Жезқазған;
✔️Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңындағы қатынастар.

Жолаушылар мен пойыз құрамын барынша қорғау үшін, тасымалдау келесі шараларға сәйкес жүзеге асырылады:

  • поездық бригадалардың қызметкерлерін дене температурасын өлшей отырып рейс алдындағы медициналық тексеруді жүргізу;
  • жолсеріктердің және жолаушылардың жол жүру жолында маскаларды міндетті түрде киюі;
  • отырғызу және түсіру кезінде қашықтықты сақтау;
  • жол жүру барысында вагондардың ішінде ылғалды тазалау жүргізу мерзімділігін арттыру және қалыптастыру пункттерінде дезинфекциялау;
  • поездың құрамы вагондарының арасында жолаушылардың жүруіне және объективті себептерсіз купеден шығуына тыйым салу.