2025 жылдың 30 маусымынан бастап қойылатын жаңа талаптар

Ресей Федерациясы Үкіметінің «Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей Федерациясына кіріп, шығу шарттары мен ережесін сынақтан өткізу экспериментін жүргізу туралы» 2024 жылғы 7 қарашадағы №1510 қаулысына сәйкес 2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресей Федерациясына визасыз кіретін барлық азаматтарға (визасыз режимге енгізілген елдердің азаматтарына) мынадай қадамдардан өту міндетті:

  1. «Gosuslugi RuID» мобильді қосымшасына тіркелу;
  2. Паспортын, фотосуреті мен өзі туралы мәліметтерді енгізу;
  3. Электронды өтініш беру:
     • келуіне дейін 72 сағаттан кешіктірмей беруі тиіс;
     • шұғыл жағдайларда – кемінде 4 сағат бұрын
  4. QR-код алу және оны шекарада көрсету
  5. Биометриялық сәйкестендіруден өту