№001/002 «Алматы-2 – Ташкент» қатынасындағы халықаралық жолаушылар пойызы қатынасының қайтадан іске қосылуына байланысты www.bilet.railways.kz сайтының басты бетіндегі «Жаңалықтар» бөлімінде мынадай ақпаратты орналастыруды сұраймыз:
«COVID-19» коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту кезінде туындайтын даулы жағдайлардың алдын алу мақсатында, жолаушылардан пойызға отырғызу кезінде төменде көрсетілген құжаттар талап етіледі:
- кемінде күнтізбелік екі күн бұрын ПТР әдісімен алынған «COVID-19» тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтама;
- Қазақстан Республикасындағы «COVID-19»-ға қарсы ревакцинацияның немесе вакцинаның толық курсын алған тұлғаларға, егер олар Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтте ванцинаның екінші компонентін алған күннен бастап 6 ай уақыт өтпеген болса, оны растайтын құжат;
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған «COVID-19»-ға қарсы вакцинациялау туралы паспорт/сертификат/анықтама. Анықтама нәтижесі берілген күннен бастап 72 сағат өтпей жарамды.