2023 жылдың 25 мамырында №29/30 жолаушылар пойызының бригадасының қызметкерлері Атырау – Алматы бағыты бойынша жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті.
Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысты. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман есен босануына барлық жағдайды жасады. Сағат 21:52 минутта кейін сәби дүниеге келді.
Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды.
Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсылап алды.