Теміржол билеттерінен қалай үнемдеуге болады?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынады. Теміржол билеттерінің бағасы динамикалық тарифтік басқару (ДТУ) қағидаты арқылы қалыптасады: жөнелту күніне дейін неғұрлым билет ерте сатып алынса, соғұрлым арзанырақ болады. Бұл тәсілді барлық әлемдік жерүсті және әуе тасымалдаушылары қолданады. ҚР-да жүретін пойыздарға билеттерді жөнелтуден 45 күн бұрын сатып алуға және жеңілдікпен алуға болады.