Алматы станциясынан №77/78 «Алматы-2-Маңғыстау» жолаушылар пойызы құрамында Петропавл қаласындағы «ЗИКСТО» АҚ вагон жасау зауытында шығарылған жаңа вагондар жөнелтілді.
Вагон паркін жаңарту бағдарламасы аясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 400 орындық 11 купе вагон сатып алды. Вагондар Алматы – Маңғыстау және Алматы – Өскемен бағыттары бойынша жүретін болады.
Вагондар жайлы, техникалық артықшылықтарымен ерекшеленеді. Олар ауа баптау жүйелерімен, ауаны зарарсыздандыруға және тазартуға арналған заманауи сүзгілермен, экологиялық таза дәретхана кешендерімен жабдықталған. Вагондарда заманауи бейнебақылау жүйесі бар: бейнекамералар дәліздер мен тамбурларда орнатылған және түрлі-түсті режимде жұмыс істейді. Түтін датчиктері бар өрт сөндіру жүйесімен, жеке өрт шлангісімен және әр вагонда су қорымен жабдықталған.
Жолаушылардың жайлылығы үшін әр купеде электр розеткалары және жолда ұялы телефондарды қайта зарядтауға арналған USB қосқыштары орнатылған. Вагондарда тоңазытқыш, микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері және ыстық су титаны бар.
Вагондардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл.
Жыл соңына дейін Қызылорда – Семей бағытында жүретін отандық өндірушінің купе және плацкарт үлгісіндегі тағы 50 жаңа вагоның жеткізу жоспарлануда.