Бурабайға электр пойызымен ерекше балаларға сапар ұйымдастырылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Бурабай даму» ЖШС бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға Бурабай курорттық аймағының көрікті  жерлеріне қызықты экскурсия ұйымдастырды.

20 жуық ерекше бала ата-аналарымен бірге вагондары ұлттық мерекелік нақышта безендірілген «Наурыз» электр пойызымен Астанадан экскурсияға аттанды. Сапарды Ұлттық тасымалдаушы ата-аналар өтініші бойынша ұйымдастырды.

Балалар курорттық аймақтың көрікті жерлерін: визит-орталықты, хайуанаттар бұрышын, Абылай хан алаңындағы мультимедиялық интерактивті кешенің, «Бурабай» пантоемдеу орталығын тамашалады. Ең есте қаларлық сәт «Burabay Land» отбасылық ойын-сауық саябағына бару болды.