"Наурыз" ұлттық нақышта безендірілген пойыз Астананы Щучье-Бурабай курорттық аймағымен байланыстырады

Көнеден мерекеленіп келе жатқан Наурыз мейрамы қарсаңында "Жолаушылар тасымалы" АҚ Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген электр пойызын іске қосты.

Мерекелік құрам күн сайын бір ай бойы жүреді. Пойыз Астанадан таңертең  жөнелтіледі. Жолаушыларды отырғызу Нұрлы жол  (сағат 06: 03 мин. жөнелту) және Астана-1 (сағат 06:57 мин. жөнелту) вокзалдарында ұйымдастырылған. Жол бойында құрам үш станцияда: Ақкөл, Елтай және Макинкада тоқтайды. Мерекелік электр пойызы терминалға сағат 9:51 мин. келеді.

Жайлы сапарлау үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған. Пойыз жолаушылары сапарлау барысында ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады  .

"Наурыз" электр пойызы - бұл "Жолаушылар тасымалы" АҚ, ҚР ПІБ "Бурабай Даму" ЖШС, Мәдениет және спорт министрлігі мен "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының бірлескен жобасы. Ол ішкі туризмді насихаттау мақсатында жүзеге асырылуда.