Халықаралық қатынастағы пойыздарға жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде жолаушы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілуіне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз.
ӘКЕСІНІҢ АТЫН КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕСІНЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРАМЫЗ!
Ресей Федерациясының станцияларынан жөнелтілетін/сол станцияларға баратын, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен өтетін пойыздарға билет рәсімдеу кезінде жолаушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес көрсетілуі тиіс.
«СПМС ОП» ережесінің 8-тармағына сәйкес жолаушы пойызға отыру кезінде:
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ!
Әкесінің аты құжатта көрсетілген жағдайда, оны билетте көрсетпеу, қате жазу, сондай-ақ жолаушы туралы мәліметтегі өзге де сәйкессіздіктер құжаттарды тексеріп, мемлекеттік шекарадан өткізу кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін.
Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпеген жағдайда немесе жолаушы туралы мәліметтерде (транслитерациядан басқа) екі әріптен артық айырмашылық болған кезде жолаушының пойызға отыруына рұқсат етілмейді.
Пойызға отырғызудан бас тартылуына және мемлекеттік шекарадан өту кезінде туындауы мүмкін қиындықтарға жол бермеу үшін:
Билетті рәсімдеу кезінде мұқият болыңыз! Жеке мәліметтердің дұрыс көрсетілуі – кедергісіз жол жүру кепілі.