Жайлы сапарлауға арналған «Ауыса отырып жол жүру» қызметі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өз сапарлаушыларына тікелей жолаушылар қатынасы немесе қандай да бір бағытқа билеттер болмаған кезде «Ауыса отырып жол жүру» қызметін пайдалануды ұсынады.

  Сапардың ыңғайлы және жолаушының уақытын үнемдеу үшін жүйе пойыздан пойызға ауыса отырып, межелі жерге барудың мүмкін нұсқаларын таңдайды.

Онлайн-сервис bilet.railways.kz сайтында осы жылдың басында «Интермодальды тасымалдауды» ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде іске қосылды.