Алматыдан тағы бір қосымша пойыздың шығуы туралы

Тұрғындардың сұранысының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша тағы бір қосымша №205/206 жолаушылар пойызын іске қосады. Пойыз Алматыдан 2022 жылдың 13 қаңтарында 22 сағат 05 минутта жолға шығады және ертеңіне, 14 қаңтарда сағат 19:06-да Нұр-Сұлтанға келеді. Сол күні пойыз елордадан сағат 21.52-де Алматыға қайта аттанып, Алматы-2 стансасына 15 қаңтарда сағат 18.25-те келеді.

Билеттер туралы ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және " Билеты КТЖ" мобильді қосымшасы арқылы білуге ​​болады.
Пойыз қозғалысы қалпына келтірілгенін естеріңізге саламыз. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі