2023 жылдың бірінші тоқсанында 3 миллионнан астам жолаушы Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында саяхат жасады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 3,2 млн-нан астам жолаушы тасымалданды. Тасымалдау деңгейі өткен жылғы көрсеткіштен 6% (180 мың жолаушыға) асып түсті.  Оның ішінде 546 мыңнан астам адам қала маңындағы электр пойыздарын пайдаланды, бұл көрсеткіш 2% артты. 

Қазақстан бойынша барлығы 140 жолаушылар пойызы жүреді, оның ішінде 102 маршрутқа "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 28 маршрутқа жеке тасымалдаушылар, ал 10 маршрутқа көрші елдердің т/ж әкімшілігі қызмет көрсетеді.