Жолаушылар bilet.railways.kz сайтынан онлайн билеттерді сатып алу кезінде «Қайта отырғызып жеткізу/құрама маршрут» жаңа қызметін пайдалана алады.
Тікелей байланыс немесе бос орындар болмаған жағдайда, жаңа қызмет түрі пойыздан пойызға ауысатын маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта қызметті Қостанай-Семей, Екібастұз-Алматы, Ерейментау-Орал, Петропавл-Ақтөбе, Шымкент-Арқалық, Шымкент-Петропавл, Қостанай-Шымкент, Атырау-Семей және т. б. бағыттар бойынша билет сатып алғанда пайдалануға болады.
Бұл сервисті «Жолаушылар тасымалы» АҚ интермодальды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде іске асырды.