Пойыздағы сервистік қызметтер сапасын арттыру мен жазғы тасымалға дайындығы мәселелері «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы мен «Батыс» филиалы пойыз бригадалары және «Вагонсервис» АҚ қызметкерлері, өндірістік персоналымен кездесуінде талқыланды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов негізгі басымдықтарды атап көрсетті: «Жолаушы пойыздағы сапары кезінде өзін жайлы сезінуі керек. Осыған орай біздің басты мақсатымыз-сервистік қызметтердің сапасын жоғары деңгейге көтеру».
«Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы өндірістік персоналдың еңбек жағдайын жақсартуға ерекше назар аудартты.
Кездесулер «ашық диалог» форматында өтіп, өндірістік және әлеуметтік сипаттағы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар басшылар билет кассаларының, багаж бөлімшелерінің еңбек жағдайын бағалап, Атырау және Ақтөбе теміржол вокзалдарының өндірістік ғимараттарын аралады. Вагондардың рейс алдындағы технологиялық дайындығын жүргізетін «Вагонсервис» АҚ-ның өндірістік нысандарына барды. Кір жуатын машиналары, центрифугалары, үтіктейтін машиналары бар кір жуатын кәсіпорындарда пойыздарға төсек жайма дайындау процесін егжей-тегжейлі қарап шықты.