Алматы қаласында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалының 470 астам қызметкері іргелес аумақтар мен темір жолдарды санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша алғашқы экологиялық сенбілікке шықты.
Филиал аумағынан 70 астам қап қоқыс жиналды. Содан кейін жұмыс сұрыптау саябағында, өткелдерде және теміржол бойында жалғасты. Тұрмыстық қоқыстар, күзден қалған жапырақтар, құрғақ және сынған бұтақтар жиналды.
«Жалпы алғанда, біз 6,3 га жерді қоқыстан тазарттық, техника полигонға 5 тоннаға жуық қалдық шығарды», — дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» ӨФ директоры Бақыт Арнабол.