Құрметті жолаушылар

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне арналған шекті баға (тариф) деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап жолаушылар пойыздарында жол жүру құнын айқындаудың жаңа тәртібі енгізілетінін хабарлайды.

Жаңа тәртіпке сәйкес төменгі және жоғарғы орындарға арналған жол жүру құны бекітілген Әдістемеде көзделген параметрлер мен коэффициенттер негізінде қалыптастырылатын болады.

Баға қалыптастырудың жаңа тәртібі тарифтік жүйенің икемділігін арттыруға және жолаушыларға өз қажеттілігі мен жайлылық деңгейіне сәйкес орын таңдауға мүмкіндік береді.