"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылардың билетсіз жүруін бақылауды күшейтті

2022 жылдың қорытындысы бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарындағы билетсіз жол жүретін жолаушылар саны 2021 жылмен салыстырғанда 13,5%-ке қысқарды. Жолаушылар пойыздарына үнемі тексерістер  жүргізіліп, қол жүгін нормадан тыс алып жүруге жол бермеу бойынша шаралар қабылданады. 

 "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментімен бірлесіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және жою жөніндегі жол картасы іске асырылуда. Құжатта жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдауды бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар көзделген.

2022 жылы "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен 14 млн. астам жолаушы тасымалданса, бұл алдыңғы жылға қарағанда 21,4%-ке артық.