«Жолаушылар тасымалы» АҚ кейбір жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгергені туралы

ҚР экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылғы 5 шілдеден бастап:

I. №321/322 «Алматы-Сарыағаш»  бағытында қатынайтын, Алматы-2-ден 2020 жылғы 05 шілдеден бастап 17 шілде аралығында жөнелтілетін, Сарыағашқа 2020 жылғы 06 шілдеден бастап 18 шілде аралығында келетін/жөнелтілетін, Алматы-2-ге 2020 жылғы 07 шілдеден бастап 19 шілде аралығында келетін пойыздың 7 рейсі уақытша тоқтатылды

II. Келесі күндері қатынау жиілігі қысқартылған пойыздар:

- №  3/4 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Алматы-2» бағытындағы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 2020 жылғы 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17 шілдеде жөнелтілетін,  Алматы-2-ге 2020 жылғы 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 шілдеде  келетін/жөнелтілетін,   Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолға 2020 жылғы 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19 шілдеде келетін пойыз 7 рейске;
- № 31/32 «Алматы-2 - Павлодар» бағытындағы Алматы-2-ден 2020 жылғы  5, 7, 9, 11, 13, 15, 17 шілдеде жөнелтілетін, Павлодарға 2020 жылғы 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 шілдеде келетін/жөнелтілетін, Алматы-2-ге 2020 жылғы  7, 9, 11, 13, 15, 17, 19 шілдеде келетін пойыз 7 рейске;
№ 68/67 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Өскемен-1» бағытындағы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 2020 жылғы 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 шілдеде жөнелтілетін,  Өскемен-1-ге 2020 жылғы 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19 шілдеде келетін/жөнелтілетін,  Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолға 2020 жылғы 8, 10, 12, 14, 16, 18,  20 шілдеде келетін пойыз 7 рейске;
- № 258/257 «Нұр-Сұлтан-1 Достық» бағытындағы Нұр-Сұлтан-1-ден 2020 жылғы 5 және 12 шілдеде жөнелтілетін, Достыққа 2020 жылғы  6 және 13 шілдеде келетін/жөнелтілетін,   Нұр-Сұлтан-1-ге  7 және 14 шілдеде келетін пойыз 2 рейске қысқартылды.

III. Қала маңындағы пойыздар қозғалысы 22 маршрут бойынша уақытша тоқтатылды:

  1. №7502/7501 «Нұр-Сұлтан-1 – Павлодар»;
  2. №7510/7509 «Нұр-Сұлтан-1 – Павлодар»;
  3. №7507/7508 «Нұр-Сұлтан НЖ-Көкшетау-1»;
  4. №6829/6830 «Ерейментау-Нұр-Сұлтан-1-Көкшетау-1»;
  5. №6803/6804 «Нұр-Сұлтан НЖ – Атбасар»;
  6. №7553/7556 «Қарағанды - Нұр-Сұлтан-1»;
  7. №6857/6858 «Қарағанды – Нұр-Сұлтан-1»;
  8. №6842/6841 «Шалқар-Сексеуіл»;
  9. №7512/7511 «Түркістан – Шымкент»;
  10. №6925/6926 «Қостанай-Жетіқара»;
  11. №6815 «Қарағанды-Шоқай»;
  12. №6868/6869 «Теміртау-Ақадыр»;
  13. №6867 «Құлаайғыр-Теміртау»;
  14. №6952/6951 «Шоқай- Құлаайғыр-Қарағанды Сұрыптау»;
  15. №6876 «Теміртау- Құлаайғыр»;
  16. №6894/6893 «Балқаш-1-Саяқ;
  17. №6958/6957 «Түркістан-Сарыағаш»;
  18. №6937/6938 «Шымкент-Түркістан»;
  19. №6874/6873 «Орал-Шыңғырлау»;
  20. №6844/6843 «Қызылорда – Түркістан»;
  21. №6969/6970 «Мыңарал - Шығанақ – Шу»;
  22. №6981/6982 «Отар – Шу».

IV. Жолаушылар және қала маңындағы пойыздар құрамындағы орындары отыруға арналған жалпы вагондар 8 маршруттан алынып тасталды:

1.   №313/314 «Атырау-Маңғыстау»;
2.   №339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»;
3.   №603/604 «Нұр-Сұлтан НЖ-Арқалық»;
4.   №613/614 «Орал-Ақтөбе»;
5.   №623/624//627/628 «Нұр-Сұлтан-Петропавловск-Қызылту»;
6.   №601/602 «Жарық-Балқаш-2»;
7.   №605/606 «Қарағанды-Балқаш-2»;
8.   №610/609 «Қарағанды-Жезқазған».

       V.  «Тальго» пойыздарындағы орындары отыруға арналған вагондар жабылды:

  1. №1/2 «Алматы-Ташкент»;
  2. №11/12 «Алматы-Шымкент»;
  3. №3/4 «Алматы-Нұр-Сұлтан»;
  4. №25/26 «Алматы-Шымкент»;
  5. №31/32 «Алматы-Павлодар»;
  6. № 67/68 «Нұр-Сұлтан - Өскемен».

Ұлттық тасымалдаушы барлық ішкі бағыттарда баламалы жолаушылар пойыздарының қатынасы сақталғанын хабарлайды. Жолаушылар пойыздарының кестесімен BILET.RAILWAYS.KZ сайтында танысуға болады.

Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар билетті қайтара отырып, ақшалай қаражатын ұстап қалусыз толық көлемде қайтарып ала алады, сондай-ақ басқа баламалы пойыздарға билет сатып ала алады.

Билет кассалары штаттық режимде жұмыс істейтін болады, барлық сұрақтар бойынша «105» анықтама қызметіне хабарласуға болады.

Жолаушыларды шыдамдылық танытып, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауларын, өздерін және жақындарын қорғауларын сұраймыз!