Үш жолаушылар пойызының қатынасын уақытша тоқтату туралы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго вагондарынан құрастырылған мынадай коммерциялық жолаушылар пойыздарының қатынасы уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды, олар:

1) № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау» қатынасындағы  Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 2020 жылғы 1 шілдеден, Атыраудан 2 шілдеден бастап жөнелтілетін пойыз; 

2) № 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Орал» қатынасындағы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 2020 жылғы 2 шілдеден, Оралдан 2020 жылғы 3 шілдеден бастап жөнелтілетін пойыз;

3) №701/702 «Алматы-2-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» қатынасындағы Алматы-2-ден 2020 жылғы 1 шілдеден, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан  2020 жылғы 2 шілдеден бастап жөнелтілетін пойыз.

  Осы аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билет) ресімдеген жолаушылар темір жол билеттерін қайтаруды ресімдей отырып, ақшалай қаражатын ұстап қалусыз толық көлемде қайтарып ала алады, сондай-ақ басқа балама пойыздарға билет сатып ала алады.

 «Нұр-Сұлтан-Атырау» бағыты бойынша

- №47/48 «Нұр-Сұлтан-Атырау» бағытында күн ара тақ күндері қатынайтын, Нұр-Сұлтан НЖ-дан  сағат: 19.49-да жөнелтіліп, Атырауға сағат: 10.32-де келетін, Атыраудан сағат: 22.30-да жөнелтіліп, Нұр-Сұлтан НЖ-ға сағат: 13.03-да келетін пойыз.

«Нұр-Сұлтан-Орал» бағыты бойынша

- №51/52 «Алматы-Нұр-Сұлтан-Орал» бағытында күн ара қатынайтын, Нұр-Сұлтан-1-ден тақ күндері сағат: 10.47-де жөнелтіліп, Оралға жұп күндері сағат: 13.12-де келетін, Оралдан кері қарай жұп күндері сағат: 15.42-де жөнелтіліп, Нұр-Сұлтан-1-ге тақ күндері сағат: 17.19-да келетін пойыз.

«Нұр-сұлтан-Алматы» бағыты бойынша

- №4/3 «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында күн сайын қатынайтын, Нұр-Сұлтан НЖ-дан сағат: 15.47-де жөнелтіліп, Алматы-2-ге сағат: 06.44-те келетін, Алматыдан-2-ден сағат: 14.40-та жөнелтіліп, Нұр-Сұлтан НЖ-ға сағат: 05.40-та келетін пойыз. 

- №10/9 «Нұр-Сұлтан-Алматы» күн сайын қатынайтын, Нұр-Сұлтан НЖ-дан сағат: 21.30-да жөнелтіліп, Алматы-1-ге сағат: 16.08-де келетін, Алматыдан-1-ден сағат: 19.15-те жөнелтіліп, Нұр-Сұлтан НЖ-ға сағат: 14.00-де келетін пойыз. 

- №52/51 «Орал-Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында күн ара қатынайтын, Нұр-Сұлтан-1-ден тақ күндері сағат: 17.40-та жөнелтіліп, Алматы-2-ге жұп күндері сағат: 07.46-да келетін, Алматы-2-ден кері қарай жұп күндері сағат: 20.27-де жөнелтіліп, Нұр-Сұлтан-1-ге тақ күндері сағат: 10.27-де келетін пойыз. 

- №706/705 «Петропавл-Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында күн сайын қатынайтын, Нұр-Сұлтан-1-ден сағат: 21.16-да жөнелтіліп, Алматыға-2-ге сағат: 10.54-те келетін, Алматыдан-2-ден кері қарай сағат: 18.01-де жөнелтіліп, Нұр-Сұлтан НЖ-ге сағат: 07.35-те келетін пойыз.

 

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі, орын бар-жоғы және жол жүру құны туралы өзекті ақпаратты 105 анықтама қызметіне қоңырау шалып білуге болады (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін, ал ұялы телефоннан минутына 112 теңге тұрады).

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім өтінеді!