Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде «СОVID-19» коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында келесі жолаушылар пойыздарының саны бойынша қатынауының уақытша тоқтатылуы ұзартылады:
1. № 31/32 «Алматы-2 – Павлодар» пойызы Алматыдан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 19, 21, 22, 23, 25, 27, 28, 29, 31 және 2 тамызда, Павлодардан келу/кету 2020 ж. шілденің 20, 22, 23, 24, 26, 28, 29, 30 және 1, 3 тамызда, Алматыға келу 2020 ж. шілденің 21, 23, 24, 25, 27, 29, 30 және 2, 4 тамызда 10 рейске;
2. № 258/257 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы Нұр-Сұлтаннан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 19, 26 және 2 тамызда, Достықтан келу/кету 2020ж. шілденің 20, 27 және 3 тамызда, Нұр-Сұлтанға келуі 2020 ж. шілденің 21, 28 және 4 тамызда 3 рейске;
3. № 3/4 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Алматы-2» пойызы Нұр-Сұлтаннан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 19, 21, 23, 25, 27, 29, 31 және 2 тамызда, Алматыдан келу/кету 2020ж. шілденің 20, 22, 24, 26, 28, 30 және 1, 3 тамызда, Нұр-Сұлтанға келу 2020ж. шілденің 21, 23, 25, 27, 29, 31 және 2, 4 тамызда 8 рейске;
4. № 68/67 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Өскемен-1» пойызы Нұр-Сұлтаннан жөнелтілуі 2020ж. шілденің 20, 22, 24, 26, 28, 30 және 1 тамызда, Өскеменнен келу/кету 2020ж. шілденің 21, 23, 25, 27, 29, 31 және 2 тамызда, Нұр-Сұлтанға келу 2020ж. шілденің 22, 24, 26, 28, 30 және 1, 3 тамызда 7 рейске.
Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады.
Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирустық пандемияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі