ҚР Мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №04-1-27/4939-и хаты негізінде «COVID-19» коронавирусының таралуына жол бермеу мақсатында Маңғыстау стансасына тікелей қатынайтын және тіркеме вагондарды қоса алғанда, жолаушылар пойыздарының келуі мен жөнелтілуі күші жойылғанға дейін уақытша тоқтатылады:
- 2020 жылдың 9 шілдеден бастап Алматы-2 стансасы бойынша № 29/30 «Алматы-2 – Атырау» пойызы 9 шілдеден Алматыдан жөнелтілсе, Атыраудан 11 шілдеден бастап жөнелтіледі
- № 37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан НЖ» бағытындағы Маңғыстаудан 2020 жылғы 10 шілдеден бастап жөнелтілетін, Нұр-Сұлтан НЖ-ға 2020 жылғы 12 шілдеден батап келетін/жөнелтілетін, Маңғыстауға 2020 жылғы 14 шілдеден бастап келетін;
- № 77/78 «Алматы-2 - Маңғыстау» бағытындағы (ЛВРЮ құрастырған) Алматыдан 2020 жылғы 11 шілдеден бастап жөнелтілетін, Маңғыстауға 2020 жылғы 14 шілдеден бастап келетін/жөнелтілетін, Алматыға 2020 жылғы 17 шілдеден бастап келетін;
- №77/78 «Маңғыстау-Алматы-2» бағытындағы (ЛВРЗ құрастырған) Маңғыстаудан 2020 жылғы 13 шілдеден бастап жөнелтілетін, Алматы-2-ге 2020 жылғы 16 шілдеден бастап келетін/жөнелтілетін, Маңғыстауға 2020 жылғы 19 шілдеден бастап келетін;
- № 309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе» бағытындағы Маңғыстаудан 2020 жылғы 10 шілдеден бастап жөнелтілетін, Ақтөбеге 2020 жылғы 11 шілдеден бастап келетін/жөнелтілетін, Маңғыстауға 2020 жылғы 13 шілдеден бастап келетін;
№ 657/658 «Маңғыстау-Бейнеу» бағытындағы Маңғыстаудан 2020 жылғы 10 шілдеден бастап жөнелтілетін, Бейнеуге 2020 жылғы 11 шілдеден бастап келетін/жөнелтілетін, Маңғыстауға 2020 жылғы 12 шілдеден бастап келетін пойыз.
Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтара отырып, ақшалай қаражаттарын ұстап қалусыз толық көлемде қайтарып ала алады.
Билет төлемдері билетті қайтару тәртібіне және сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы қайтарылады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы білуге болады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауларын және коронавирус пандемиясы таралуы кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауларын сұрайды