Сайттың жаңа нұсқасы!

Cәлеметсіздер ме, Құрметті пайдаланушылар! Біз порталымыздың жаңа нұсқасын сіздерге ұсынуға қуаныштымыз. Біз әрқашан сіздің пікірлеріңізге құлақ салып, сіздерге барынша қолайлылық және жайлылық ұсынуға тырысамыз. Біз банкпен жұмыс жасау логикасын өңдеп, билетті сатып алғаннан кейінгі туындайтын қателерді түзеттік. Сонымен қатар, сіздің жеке поштаңызға келетін хабарламаларды тездету үшін пошталық сервер өзгертілді. Қазақстанның жеке куәлігі мен Паспорты үшін маска қосылды. Оған қоса сатып алу кезінде жеке ақпараттарды тез әрі ыңғайлы толтыру үшін статистикалық мәліметтер негізінде келесі мәндер енгізілді: Азаматтығы – Қазақстан, Құжаттың түрі – жеке куәлік, Жынысы – әйел, Тариф – ересек.

Біздің сайтты жақсартуға атсалысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз, ең үздік сервис — біздің ортақ жетістік.