Темір жол билеттерін сату туралы ақпарат

Қазіргі уақытта биылғы жылға жоспарланған темір жолда жүргізілетін жөңдеу жұмыстарының көлемі белгіленіп, соған сәйкес пойыздардың қозғалыс кестесіне түзетулер енгізілуде. Осыған орай жолаушылар наурыз айына ТЖ билеттерін осы жылдың ақпан айының басында сатып ала алады. 

Қаңтар және ақпан айларына жолаушылар пойыздарына билеттерді сату штаттық режимде жүргізіледі. 

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша алуға болады.

2024 жылы шамамен 1400 км жолды жөндеу жоспарлануда. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі