№ 211/212 «Алматы-2 – Достық» бағыты бойынша коммерциялық пойызды тағайындау туралы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2 – Достық» бағытындағы №211/212 пойызы аптасына екі рет қатынайтын болады деп хабарлайды. Айталық, Алматы-2 станциясынан 2021 жылғы 1 шілдеден  9 тамызға дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері аттанатын болады. Бұл №211/212 пойыз вагондары ауа баптағышпен жабдықталған.

Жалпы, Алакөл бағытында жаңа пойызды ескере отырып, 11 пойыздың (8-і «Жолаушылар тасымалы»АҚ, 3-жеке тасымалдаушылар) қатынауы қарастырылған. Атап айтқанда,  Нұр-Сұлтаннан-3 пойыз; Алматыдан-5 пойыз (2020 жылы 3 пойыз болған); Шығыс Қазақстан облысынан-2 пойыз және қала маңындағы-1 пойыз.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты  немесе «ҚТЖ билеттері»  мобильді қосымшасы арқылы онлайн жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуді өтінеді.  Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануға кеңес береді. ды ұсынамыз.  Сондай-ақ, карантин режиміне байланысты жолаушылардың жол бойында және еліміздің вокзалдарында маска режимін сақтағаны абзал.