ЖД билеты без комиссии в Казахстане

Порталдың жаңаруы

Сәлеметсіздер ме, bilet.railways.kz порталының құрметті пайдаланушылары! Біздің сайттағы жаңартулармен қуантуға асығамыз және оның көбісі сіздердің арқаларыңызда пайда болды. Қызмет көсету түрін әрі қарай жақсартуда ат салысқандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз.Біз мұнымен тоқталмайтынымызға сөз береміз!

Сайтта жаңа функциялар іске қосылды:

  1. Енді, Сіздің ыңғайлығыңыз үшін, вагонда екі орын таңдасаңыз, автоматты түрде диапазонға енген орындар өзге түспен көрсетіледі:
  2. скриншот

    Мысалы: 1 және 4-орынды таңдадыңыз, 2 және 3-орындар автоматты түрде диапазонға енді.

  3. Біздің байқауымызша, көптеген пайдаланушылар орын таңдағанда ыңғайсыздық көрді, себебі жүйенің қалай жұмыс істейтіні жөнінде білмеді: «ҚТЖ ережесіне сәйкес, жүйе автоматты түрде Сіз таңдаған орындарға барынша жақын орналасқан орындарды брондайды."
  4. Енді егер Сіз электрондық поштаңызды растамай өзіңіздің аккаунтыңызға кіруге тырыссаңыз, біздің жүйе Сізге хабарлама көрсетеді:
  5. "Құрметті қолданушы. Билетті жіберу үшін Сіз электрондық поштаңыздың мекен-жайын растамадыңыз. Өтінеміз, төмендегі жолаққа өзіңіздің электрондық поштаңыздың мекен-жайын енгізіңіз, содан кейін біз сізге поштаңызды растау үшін сілтемені қайтадан жібереміз.

  6. Вагонның сызбасында кондуктордың бөлмесі мен дәретхананың орналасу қателігін түзеттік.
  7. Сізге ыңғайлы болу үшін билеттің өлшемін А4форматына келтірдік
  8. Кезекке тұру парағы өзгертілді: артық жолақтар алынып тасталды, сүзгілер енгізілді (вагонның түрі мен тәуліктің уақыты), сондай-ақ, енді сіз ашылмалы мәзірде Сізді қызықтырған пойызды таңдай аласыз.
  9. скриншот1
  10. Мобильді құрылғылар үшін поезд бағыты бойынша ақпарат түзетілді (терезе беттері аударылмайтын)