Су тасқыны жағдайына байланысты жолаушылар пойыздарының жүру жылдамдығы шектеледі

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны салдарынан теміржол желісінің кейбір учаскелерінде пойыздар қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл шаралар тәуекелдерді азайту және жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды. Жылдамдық шектеу нәтижесінде Батыс-Солтүстік, Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағыттарында жол жүретін жолаушылар пойыздарының кешігуі шамамен 3-4 сағатқа созылуы мүмкін.

ҚТЖ-ның барлық бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Су тасқыны кезінде елдің кейбір аймақтарында теміржол көлігі қатынауға арналған жалғыз құрал. Су тасқынына қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізудің арқасында теміржол инфрақұрылымы зардап шеккен жоқ, пойыздардың қозғалысы кесте бойынша жүзеге асырылуда.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қабылданған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Жолаушылар қосымша ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы ала алады.