«Жолаушылар тасымалы» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына екі және Ақтөбеге бір қосымша пойызды іске қосады:
- «Алматы-2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» (Тальго) бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 20 сағат 07 минутта аттанады. Пойыз Нұр-Сұлтан қаласына 13 қаңтарда сағат 10.25 минутта келеді. Осы пойыз 13 қаңтарда сағат 21.20-да Нұр-Сұлтан қаласынан кері жөнелтіледі.
- «Алматы-2-Нұр-Сұлтан-1» қатынасындағы №205/206 пойызы Алматы-2-ден 2022 жылдың 12 қаңтарында сағат 22.05-те аттанып, елордаға 13 қаңтарда сағат 19.06-да келеді. Дәл осы пойыз Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 21 сағат 52 минутта кері қарай жолға шығады.
- «Алматы-2 – Ақтөбе» бағытындағы №213/214 пойызы ағымдағы жылдың 12 қаңтарында сағат 12.33-те жолға шығады. Ақтөбеге 14 қаңтарда сағат 07.25-те келеді. Сол күні аталған құрам Ақтөбеден Алматыға сағат 15.00-де жөнелтіледі.
Пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілгенін еске саламыз. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.
Билеттер туралы ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz мобильдік қосымшасының «ҚТЖ билеттері» бөлімшесінен білуге болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі