«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының екі өңірге: Қарағанды облысы және Ұлытау облысы болып бөлінуіне байланысты, №610/609 «Қарағанды-Жезқазған» теміржол бағыты облысаралық қатынас пойызына айналғанын хабарлайды.
Мәртебенің өзгеруі Қарағанды облысы бюджетінен субсидиялар төлеуді тоқтатуға әкеп соғады. Көлік саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес облысаралық теміржол қатынастары бойынша шығындарды субсидиялауды уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен жабады.
Қазіргі уақытта №610/609 «Қарағанды-Жезқазған» бағытын әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, одан кейін маршрутқа қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу жоспарлануда. Бұл пойыз конкурстың қорытындысы шыққанға дейін жүреді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі