ҚТЖ жолаушыларға жаңа қызмет – перроннан үйге дейін трансфер ұсынады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "UvU" international LTD" компаниясымен бірлесіп Астана қаласы бойынша Нұрлы жол теміржол вокзалының перронынан үйге (межелі пунктке дейін) жайлы шағын автобуспен трансфер қызметін іске қосады. 

"Пойыз + автобус" жобасы интермодальды тасымалдауды (жолаушыларды көліктің бірнеше түрімен тасымалдау) дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде іске асырылуда.  Қазіргі уақытта қызметті 3/4 "Алматы-Астана" жолаушылар пойызының жолаушылары пайдалана алады. Ол үшін жолаушылар вагондарындағы QR кодын сканерлеп, қажетті мекен-жайды көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті.

Сондай-ақ, жолаушылар https://uvu.kz/ktz. веб-сайты арқылы вокзалдан үйге трансферді өз бетінше сатып ала алады. Жолаушылардың барынша жайлылығы үшін автокөлік "Нұрлы жол" теміржол вокзал кешенінің пандусында күтіп тұратын болады.

"Біз қызметті жақсартудың және клиенттерімізге қосымша ыңғайлылықты қамтамасыз етудің жаңа жолдарын іздейміз. Болашақта мұндай қызмет жолаушыларға "Есіктен есікке дейін" қағидаты бойынша жолаушыға жол жүруді қамтамасыз ете отырып, бір бағыт шеңберінде автобус және теміржол көліктерімен жол жүруді ресімдеуге мүмкіндік береді, - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов.

Аралас тасымалдар жолаушыларға нұсқаларды іздеуге және көліктің әр түрлері арасында ыңғайлы түйісулерді таңдауға уақытты едәуір қысқартады, сондай-ақ Қазақстан қалалары бойынша саяхаттау үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі