«Мейірім» электронды дисконт картасы танымал болуда

Осы жылдың 26 маусымынан бастап «WWW.BILET.RAILWAYS.KZ» сайты арқылы әлеуметтік маңызы бар пойыздарға 50% жеңілдікпен жол жүру құжаттарын (билеттерді)  онлайн түрде ресімдеу қызметі іске қосылған сәттен бастап 300-ге жуық әр түрлі топтағы мүгедек жолаушылар «Мейірім» электронды дисконт картасын ресімдеген.

«Мейірім» электронды дисконт картасы (бұдан әрі – электронды карта) мүмкіндігі шектеулі азаматтардың темір жол билеттерін үйден шықпай-ақ, қашықтықтан сатып алуға мүмкіндік береді.

Электронды картаны клиенттер базасына тіркелгеннен кейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасынан алуға болады. Ол үшін өзімен бірге жеке басын және мүгедек тобын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары болуы қажет.

Ұлттық тасымалдаушы ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап темір жол билеттері қайта сатыла бастағанын және өз жолаушыларынан жол жүру құжаттарын (билеттерді) қашықтан, «WWW.BILET.RAILWAYS.KZ» сайтынан рәсімдеулерін сұрайды.

2020 жылдың 15 мамырынан бастап барлығы 2 млн. темір жол билеттері, оның ішінде онлайн, әр түрлі интернет-ресурстары арқылы 860 мыңнан астам билет сатылды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі