«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын сату жүйесін жетілдіріп, Kaspi Bank-пен бірге билетті сатып алу бойынша жаңа сервисін іске қосқаны туралы хабарлайды. Енді жол жүру құжаттарын (билеттерді) WWW.BILET.RAILWAYS.KZ сайтында ресімдеу кезінде, сіз билетті сатып алу үшін Kaspi.kz арқылы төлей аласыз.
Еліміздегі ең танымал сауда алаңдарының біріне айналған аталмыш қосымшаны пайдалану, жолаушылар үшін билеттерді тез әрі комиссиясыз онлайн сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Kaspi.kz қосымшасының қолданушылары билеттерді рәсімдеу кезінде Kaspi Бонус бағдарламасы бойынша бонустарға ие бола алады.
Виктор Бошман «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының Маркетинг және сату жөніндегі орынбасары:
- Біз Қазақстанның ең танымал және сұранысқа ие банктік сервистерінің бірімен осындай ынтымақтастыққа қол жеткізіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Біз бұны «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға ыңғайлылықты қамтамасыз ету, тұрғындарға билеттерді сатып алудың қосымша нұсқаларын ұсыну жолындағы маңызды қадамдарының бірі деп санаймыз. Жақын болу, ыңғайлы болу әрі билет сату процедурасын жеңілдету арқылы клиенттердің тәжірибесін жақсарту үшін компанияның басымдықтарына сәйкес келеді. Біздің жолаушыларымыз мұндай бастамаларды бағалайды деп үміттенеміз!
Өз тарапынан Kaspi Bank мұндай сервистерді іске қосу халықтың өмірін жақсартып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп билет төлеу сервисін жақсарту және дамыту жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті.
Ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжаттарын электрондық сату жүйесін жетілдіру және жемқорлықтың алдын-алу мақсатында өткен жылдың шілде айынан бастап 307 мыңнан астам адам пайдаланған «Күту парағы» атты жаңа қызметі енгізілгенін еске салады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың жазында WWW.BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша мүгедек жандарға 50% дейін жеңілдікпен жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн-режимінде рәсімдеу үшін «Мейірім» электронды дисконттық картасы сәтті енгізілді. Аталмыш картаны бұған дейін 400-ге жуық адам қолданған.
Карантиндік шараларды сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларынан жол жүру құжаттарын (билеттерді) WWW.BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы онлайн-режимде ресімдеуді сұрайды.